Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Неге көрсете береді?»: Ринат Зайытов өзіне Бишімбаев ісі қызық емес екенін айтты

«Неге көрсете береді?»: Ринат Зайытов өзіне Бишімбаев ісі қызық емес екенін айтты
Депутаттың айтуынша, қазір қоғам өзекті мәселелерге емес, өсекке жақын.

Мәжіліс депутаты, айтыскер ақын Ринат Зайытов Қуандық Бишімбаевқа қатысты өз пікірін білдірді. Ол Бишімбаев сотының қоғамда маңызды орын алғанын және көп талқыланып жатқанына ашуланды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

 

Депутаттың айтуынша, қазір қоғам өзекті мәселелерге емес, өсекке жақын.  Яғни, бүкіл Қазақстанға Ерке Есмахан мен оның күйеуінің өмірі қызық екен. 

 

«Бишімбаев – таза кісі өлтірген адам. Бұның маған оқиғасы да, басқасы да қызық емес. Неге оны жаппай көрсете береді? Себебі сұраныс бар. Біреудің төсегіне қатысты ақпаратқа сұраныс бар. Атам қазақ «Итке төсек не керек, естіге өсек не керек?» деп айтқан. Біз қазір өсекпен өмір сүріп жатырмыз. Бізге Қазақстанның келесі жылға қуаңшылыққа дайындығы қалай екені қызық емес, Ерке мен Раимның жағдайы қалай болып жатқаны бүкіл Қазақстанға қызық, – деді Ринат Зайытов «Білген дұрыс» бағдарламасына берген сұхбатында .

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар