Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

“Харам”: Қуаныш Шонбай импотент еркектерге үйленуге болмайтынын айтты

“Харам”: Қуаныш Шонбай импотент еркектерге үйленуге болмайтынын айтты
Әсіресе жыныс мүшесінде ақауы бар еркектерге үйлену харам екен.

“Белгілі кәсіпкер, бизнес-тренер Қуаныш Шонбай импотент еркектер туралы әңгіме қозғады. Ол ондай еркектер әйел адамның ақысын жейтінін және дінде де солай делінгенін атап айтты. Бұл туралы ол боксшы Айдос Ербосынұлымен болған подкастында айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

 

Оның сөзінше, кез келген ер адам өз бойындағы кемшілігін қабылдай білуі керек. Әсіресе жыныс мүшесінде ақауы бар еркектерге үйлену харам екен. 

 

“Импотент еркекке үйлену харам. Кейбір ер адамға үйлену парыз, сүннет болады. Ал оларға үйлену харам болады. Неге? Өйткені сен ана қыздың ақысына кіресің. Ислам осы фактіні қабылдап тұр. Осыны сен де қабылдасай. Харам. Өйткені оның да ақысы бар. Сондықтан шынайы бол. Мысалы, біз зекет береміз. Алла Тағала өзіміздің байлығымызды санатып жатыр. “Маған емес жақсылыққа бер” дейді. Сол сияқты қолыңнан келмей ма болды. “Ауруын жасырған арам өледі” деген бар. Аузы сасыған адам, онысын мойындамай тиктак жеп, сағыз шайнап жүре берсе олан ештеңе өзгермейді. Ауыз сасығанын мойындаса болды, бәрі өзгереді. Ол тістен кетті не асқазаннан. Басқа ештеңе емес. Сол үшін қабылдау керек”- дейді кәсіпкер. 

 

Ары қарай боксшы да Қуаныш Шонбайдың сөзін жалғастыра кетті. Айтуынша, өз қателігін қабылдаған сәтте оның өмірінде көп жағдайлар өзгеріпті. 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар