Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ақтауда лифттің ішінде ер адам әйелді соққыға жықты

Ақтауда лифттің ішінде ер адам әйелді соққыға жықты
Оқиға 27 сәуір күні Ақтаудағы 4-шағын аудандағы №7 үйдің лифтінде болған.

Ақтауда лифттің ішінде әйелді ұрған ер адам видеоға түсіп қалды. Аталмыш бейнежазба әлеуметтік желіге тарап кетті, - деп хабарлайды KYN.KZ сайты lada.kz-ке сілтеме жасап.

 

Оқиға 27 сәуір күні Ақтаудағы 4-шағын аудандағы №7 үйдің лифтінде болған. Кадрдан ер адамның әйелді тепкілеп, жұдырықтап жатқанын көреуге болады. 

 

Құқық қорғау органдары күдіктінің ұсталғанын хабарлады. Құқық бұзушылық фактісі бойынша ер адам бес тәулікке дейін қамауға алынады.

 

"Отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы әрекеті үшін ер адам жауапқа тартылды. Шешім қабылдау үшін материал сотқа жіберілді", - деп хабарлады полиция қызметкерлері.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар