“Жаман адам ішкенін, жегенін айтады”: шетелде жүрген Қарақат пен Қыдырәлі жұрттың сөгісіне қалды
- автор Томирис Тоныкөк
- 30 сәуір, 2024
- 1.0k
Вьетнамда отбасылық демалыста жүрген танымал әнші Қыдырәлі Болманов пен Қарақат Әділдина сынның астында қалды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Әнші Қарақат Әбілдина елдегі жағдайға алаңдағанын, бірақ демалыс алдын-ала жоспарланып қойғанын жеткізді. Айтуынша, күйеуі Қыдырәліні шетелге баруға әрең көндіріпті.
«Сүйікті елімізге, гүлденген Вьетнам жерінен жалынды сәлем! Алладан амандықтарыңызды тілейміз! Алдын ала жоспарланып қойған демалыс еді ғой бүл. Елдегі жағдайдан кейін, Қыдекең «ешқайда бармаймыз» деп шықты. Демалысқа төленген ақша толығымен күйіп кететін болды. Балалардың көңілі түсіп, қойшы, әйтеуір не ойларымызды білмей дал болдық. Сөйтіп, ел болып, жұрт болып әкелерінің күнде құлағын жеп, әйтеуір әрең дегенде көндірдік қой. Сондықтан бұл нағыз «еңбек сіңірген» демалыс болды. Елдегі жағдайға қатты алаңдадық, рас. Шүкір, бәрі жақсы болсыншы», – деп жазды әнші.