Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

“1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні”: Мемлекет басшысы қазақстандықтарды құттықтады

“1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні”: Мемлекет басшысы қазақстандықтарды құттықтады
Президент бұл мерекенің еліміздегі әр азамат үшін маңыздылығын айта кетті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды 1 мамыр – бірлік күнімен құттықтады. Бұл туралы KYN.KZ ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Президент 1 мамыр мерекесі барша қазақстандықтар үшін татулық пен тыныштықтың, тұрақтылық пен бейбітшіліктің символы екенін атап өтті. 

“Қазақ жерін мекен еткен сан алуан этностың мәдениеті, діні мен дәстүрі өзара үндесіп, бірегей өркениетке айналды. Бүгінде еліміздің барша азаматтары біртұтас ұлт болып Әділетті Қазақстанды құрып жатыр. Ырысты ынтымақтың арқасында халқымыздың қуаты арта түседі. Сондықтан біз бірлігімізді нығайтуға бар күш-жігерімізді жұмылдыруымыз керек. Бұл – әрбір азаматтың мәртебелі міндеті әрі перзенттік парызы”, – деді Тоқаев. 

Сонымен бірге, ел бірлігі қиын кездерде сыналатынын айтты. Қазіргі су тасқынымен күресте де халық өз арасында бірлігін көрсетіп жатқанын жеткізді.

“Ел бірлігі, әсіресе, қиын-қыстау сәттерде сыналады. Биыл біз бұрын-соңды болмаған "алапат тасқынмен" бірлесе күресіп жатырмыз. Әр азаматтың бір-біріне тілеулeстігі арқылы бүкіл ұлттың тұтастығын таныта білдік. Қазақстан халқы тарихтың күрделі кезеңінде жұрт болып жұмылып, табысқа жете алатынын тағы да дәлелдеді. Халқымыз жасампаздық пен жаңашылдық, еңбекқорлық пен білімпаздық, жанашырлық пен жауапкершілік сияқты асыл қасиеттерінің арқасында өсіп-өркендей береді деп сенемін”, – деді мемлекет басшысы. 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар