“Күң қылып, есін шығарады”: Меруерт Түсіпбаева енлерге шүйлікті
- автор Томирис Тоныкөк
- 1 мамыр, 2024
- 451
Танымал әнші Меруерт Түсіпбаева келін күң емес екенін айтып, енелерді ұрсып тастады. Ол Жанар Айжанованың қызы Айжұлдыздың ажырасуының себебіне қатысты пікір қалдырған, деп хабарлайды KYN.KZ.
Сонымен бірге үйдің тірлігіне қазіргі жастардың денсаулығы жарамайтынын да айта кетті.
“Осы өзекті тақырып аясында әңгіме көп.... Біз, қазақтар: “ Ұят болады“, деп жылы жабамыз. Айжұлдыз ажырасуының себебін ашық айтты!! Келісемін!!! Келін - үй қызметшісі емес!!! Сол келін, бұрын сол үйде болмағанда, әлі келін болып түспей жатқанда, еден жуылып, шаң сүртілді емес пе?! Аш отырған ба, сонда, сол үйдің адамдары, келіннің түсуін күтіп? Мен, өз басым, біреудің алақанға салып өсірген қызын, өзге босағаны аттай сала, жұмсай жөнелгенді құптамаймын! Казіргі жастардың денсаулығы да жарамайды оған. Атам заманда, “Сарыағашқа” келін болып түскенімде, беташар біте сала қайын апам шаңсорғышты меңзеп “Тазала!!” дегені әлі есімде... Адаптация қайда сонда?! Бөтен ортаға түсіп, онсыз да мазасыз күй кешіп тұрған нәзік жандыға - бәрі стресс!!! Мен, талай рет сұхбат бергенде айттым: “ Мен, бір күң келініммен тұрмаймын деп”. Ол, болашақ келінімді немесе баламды жақтыртпағанымнан емес!!! (Бір тал балам- көзімнің ағы мен қарасы.... ) Жаңа ғана отбасын құрған, екі жас, өздерімен өздері болып, бір-бірімен тіл табысу керек, басында... Жоқ!! Бізде келінді қүң қылып, екі жастың ортасына килігіп, (әсіресе аналары) жаңа өмірге, жаңа үйренісіп жатқан жастардың есін шығарады!! Ол - ҚАТЕ!! Соның кесірінен , Қазақстанда ажырасу көп!", - деді әнші.
Ұқсас жаңалықтар
Әрбір бесінші қазақстандық шетелге көшуді қалайды
- авторТомирис Тоныкөк
- 5 желтоқсан, 2024