Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Бишімбаев ісі бойынша сотта жарыссөз басталды

Бишімбаев ісі бойынша сотта жарыссөз басталды
Сот отырысында жарыссөз басталды. Жәбірленуші тараптан прокурор Айжан Аймағанова сөз сөйлеп, дәлелдер негізінде Салтанаттың Бишімбаевтың қысымына түскенін айтты.

Салтанат Нүкенованы аяусыз ұрып өлтірді деп айыпталған Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сотта жарыссөз болып жатыр, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Сот отырысында сөз сөйлеген прокурор сот-медициналық сараптамасының қорытындысы бойынша Салтанаттың денесінен қол іздері табылғанын да атап көрсетті. 

“Салтанат – Күн сәулесіндей жарқыраған қыз болатын. Бишімбаев оны экономикалық, психологиялық тұрғыдан өзіне тәуелді етті. Тіпті өлгеннен кейін өзін ақтау үшін марқұмды қаралап, бар кінәні оған жауып жатыр Салтанат одан бірнеше рет кетпек болған, бірақ әр ұрыс-керістен кейін өзінің қамқорлығын айтып, оны райынан қайтарып отырған”, – деді Аймағанова.

Судья Айжан Құлбаева Байжановқа қатысты Қылмыстық кодекстің 434-бабы "Қылмыс туралы хабарламау" деген айыпты алып тастады. 

Соңғы отырыста прокуратура сот тергеуін қайта жалғастырып, Бақытжан Байжановқа тағылған айыптардың бірін алып тастауды сұраған еді.

Судья Құлбаева кеңесу бөлмесіне шығып, өтінішті қанағаттандырды. Енді Бақытжан Байжанов қылмыстық кодекстің 432-бабы "Қылмысты жасыру" бойынша ғана сотталып жатыр.

 

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар