«Бойы да өспей қалуы мүмкін»: Мамандар телефонға үңілген баланың дертке шалдығатынын айтады
- автор Томирис Тоныкөк
- 2 мамыр, 2024
- 568
Телефонға үңілген ұл-қыздардың қаны қоюланып, ағзасына оттегі өтпей әлекке салады екен. Мұның соңы түрлі дерттің асқынуына алып келетін көрінеді. Гаджетке қараудан қолы босамайтын ұрпақтан интеллектуалдар да шықпайды дейді мамандар, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі «Евразия» арнасына сілтеме жасап.
Жеткіншектердің 80 пайызы өмірін смартфонсыз елестете алмайды екен. Бүгінде бүлдіршіндерге арналған ойын алаңдарының бос орындарға айналғаны – ол балалардың ғаламторға байланып отырғандығы.
Мамандардың айтуынша, нәрестенің өсіп-өркендеуі, дүниені танып-білуі ойынмен байланысты.
«Жалпы қан айналымы жақсарып бала секріп жүгіріп ойнаған баланыңағзасында үлкен жақсы өзгерістер болады. қан айналымы дұрысталып оттегімен қамтамасыз етіліп гипокся болмайды. Зат алмау процестері жақсарып, баланың өсіп-жетілуі дұрысталады», дейді невропотолог дәрігер.
Сонымен бірге, баламен сапалы уақыт өткізу оның ойын дамытатынын айтады.
«Ойынсыз баланың дамуы мүмкін емес. кіші жастағы баланың түрлі ойындар арқылы смартфоннан алыстатуға, бос уақытты пайдалы өткізуге болады. ойын ол баланың ой ұшқырлығын, қиялын, тілін дамытады», дейді педагог Балжан Жұбанышева.