"Қатынасқа түстің бе?": Бишімбаев 20 минутта Нүкеноваға 175 сұрақ қойған
- автор Томирис Тоныкөк
- 2 мамыр, 2024
- 578
Сот отырысында жәбірленуші тараптың адвокаты Бишімбаевтың Нүкенованы қорлап түсірген видеоларындағы сөздерді тағы бір рет еске салды, деп жазады KYN.KZ тілшісі.
"Бишімбаевтың телефонынан табылған видеоларға назар аударайық. Олардың әрқайсында Бишімбаев Нүкенованы үйленген ер адаммен жыныстық қатынасқа түскенін мойындауға мәжбүрлейді. 8-9 қарашадағы оқиғаларға келетін болсақ, сотталушылардың қылмыс жасағанын әшкерлейтін бірқатар дәлелдер келтірілді. Өзіне керек жауапты есту үшін Бишімбаев 20 минуттық видеода Нүкеновадан "Райымбек Баталовпен қатынасқа түстің бе?" деп 175 рет сұраған. Тағы бір видеожазбада "Шыныңды айтсаң, ұрмаймын" дейді. Нүкенова қанға боялған жейдесін көрсетіп, "міне дәлел, 10 жылға отырасың" дейді. Бұдан Бишімбаевтың Нүкенованы ұрып жатып, оны "өлтіремін" деп айтқанын топшылауға болады. Бишімбаевтың Нүкеноваға Қазақстан орталық концерт залында "енді саған плащ керек болмайды" дегені де осыған дәлел болады", - деді адвокат.
Айта кетейік, Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты сот отырысы әлі жалғасып жатыр.
Ұқсас жаңалықтар
Жүргізуші куәлігін алу қиындай түсті: өзгерістер енгізілді
- авторТомирис Тоныкөк
- 11 қазан, 2024