Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Ауын ашып, ұятты жерін...": адвокат сотта Бишімбаевтың Нүкенованы жалаңаш еңбектетіп, суретке қалай түсіргенін айтты

"Ауын ашып, ұятты жерін...": адвокат сотта Бишімбаевтың Нүкенованы жалаңаш еңбектетіп, суретке қалай түсіргенін айтты
Омарова Бишімбаевтың әйелді масқаралау мақсатында ұрып-соғып, жалаңаш еденде еңбектеткенін айтты.

Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты сот отырсында Әлия Омарова Бишімбаевтың әйелді масқаралау мақсатында ұрып-соғып, жалаңаш еденде еңбектеткенін айтты, деп жазады KYN.KZ тілшісі. 

"Бұл видеода Бишімбаев Салтанатты еденде жалаңаш еңбектетіп, бір нәрсе іздеуге мәжбүрлеген. Дәл сол кезде оның ентіккен даусы естіледі  және тынысы тарылады. Сірә, камералар қосылмай тұрып, ол оны ұрған. Тағы бір бейнежазбада ол оның соңғы киімі, яғни күртешесін шешіп алады. Сөйтіп ол оның еңбектеп іздеуін талап етеді. Тіпті оның ауын ашып, ұятты жерін камераға түсіруге тырысқан. Жәбірленуші өзінің соңғы демі қалғанша денесінің жалаңаш жерлерін жабуға жұмсайды. Көздерінен қорқыныш пен дәрменсіздікті көріп тұрмыз. Бұл Салтанатты тірісіндегі соңғы кадр", – дейді Әлия Омарова.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар