Басты жаңалықтар
Қаңтар оқиғасынан кейін қызметінен босатылған бұрынғы министр Тұрғымбаев екі айға қамалды
- автор Томирис Тоныкөк
- 2 мамыр, 2024
- 698
Бұрынғы министрдің ұсталғанын 30 сәуір күні Бас прокуратура растады.
30 сәуірде ішкі істер министрлігінің бұрынғы басшысы Тұрғымбаевқа қатысты екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды, деа жазды KYN.KZ тілшісі.
Бұған дейін Тұрғымбаевтың қаңтар оқиғасы бойынша ұсталғаны хабарланған. Ал 30 сәуірде Бас прокуратура ішкі істер министрлігінің бұрынғы басшысының ұсталғанын растады.
Еске сала кетейік, Тұрғымбаев ішкі істер министрлігін 2019 жылдың ақпан айынан бастап басқарды және кейін қаңтар оқиғасына байланысты қызметінен босатылды.