Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Бір жылда азық-түліктің бағасы 6,3%-ға өскен

Бір жылда азық-түліктің бағасы 6,3%-ға өскен
Еліміздегі ең жоғары айлық инфляция Жетісу облысында екені анықталды

Ұлттық статбюро осы жылдың сәуірдегі инфляция деңгейі жайлы ақпарат ұсынды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

2024 жылғы сәуір айында тұтыну бағаларының айлық мәні баяулай түскен. Ол 0,6% құрады

ТБИ құрылымындағы өсім:

ақылы қызметтер – 0,7%
азық-түлік тауарлары – 0,3%
азық-түлік емес тауарлар – 0,7%

Еліміздегі өңірлер бойынша ең жоғары айлық инфляция Жетісу облысында – 1,1% (орташа республикалық деңгейден 0,5 п.т. жоғары) болды. Сондай-ақ ең төменгі көрсеткіш Абай, Павлодар, Түркістан облыстарында тіркелді – 0,3%. 

Жылдық есептеуде сәуір айының инфляциясы 8,7% құрады.

ТБИ құрылымында бағаның көтерілуі:

ақылы қызметтер – 13,5%
азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 7,6%
азық-түлік тауарлары – 6,3% 

 

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар