Мәдениет
“Сartier сыйлап, қуантып қойды”: Айнұр Тұрсынбаева туған күнінде алған қымбат сыйлығын көрсетті
- автор Томирис Тоныкөк
- 3 мамыр, 2024
- 606
Айнұр Тұрсынбаеваның туған күніне танысы Сartier-дің сақинасын сыйлады.
Белгілі айтыскер Айнұр Тұрсынбаева туған күнін тойлағанды ұнатпайтынын айтты. Алайда ол сыйлыққа алған қымбат сақинасын көрсетті, - деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісіп, сыйлық берген адамға алғысын айтты.
"Барлық ыстық ықыласқа, жылы лебізіңізге көп рақмет.. Негізі туған күнді шулатып тойлатқанды жақсы көрмеймін... Түнгі 12.00-де Қайша Керей "Қазақстаннан сіз үшін арнайы келдік" деп Сartier сыйлап, қуантып қойды... "Жеген ас кешке жетпес, ықылас естен кетпес деген осы... Барлық гүл жіберіп жатқан алтындарыма Алла разы болсын!" - деп жазған ол.