Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

“Мені ғана қорқытасыз”: Бишімбаевтың адвокаты судьядан ескерту алды

“Мені ғана қорқытасыз”: Бишімбаевтың адвокаты судьядан ескерту алды
Бишімбаевтың қорғаушысы судья Айжан Құлбаевамен сөзге келіп қалды.

Қуандық Бишімбаевтың сот отырысындағы жарыссөз кезінде адвокат Ерлан Ғазымжанов судья Айжан Құлбаевадан ескерту естіп қалды. Ол өзін қорқыта бермеуді айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

Қорғаушы Қуандық Бишімбаевтың Нүкенованы өмір сүрген бір жылдағы үш жағдай оны қинауға жатпайтынын алға тартты. 

"Егер Қылмыстық кодекстегі бапты ашып қарайтын болсақ, ол жерде қинаудың не екені атап көрсетілген. Қинау - бұл жүйелі түрде ұру. Бірақ бірге өмір сүрген бір жылдағы үш жағдай - бұл жүйелі түрде ұрып-соғуға жата ма? Олар демалысқа барды, қалаған жерінде қыдырды, қалағанын жеді, қымбат зергерлік бұйымдар тақты, киім киді. Үш жағдай, бұл жүйелі түрде қинау ма? Әрбір отағасын... онда кез-келген отбасына кіріп, жылына үш жанжал үшін 4 жылдан 7 жылға дейін қамайқ", - деді Ерлан Ғалымжанов.

Осы уақытта судья Айжан Құлбаева қорғаушыға қылмыстық-процестік заңнаманы бұзып отырғанын ескертті. Бірақ адвокат қарсылық білдірді.

"Сіздің бұлай қорқытуыңызды түсіндім. Себебі, құрметті сот, сіз мені ғана қорқытасыз. Басқаларға неге солай қарамайсыз?" – деп қалды адвокат.

"Сіз қылмыстық іс жүргізу заңнамасының талаптарын білесіз. Сот жарыссөздерінің бірінші бөлігі тек дәлелденген немесе дәлелденбеген деректер бойынша өтілді. Сіз егер тағы осылай әрекет жасссаңыз, сот соған сәйкес жауап береді. Бұл қорқыту емес. Бұл - сіздің қылмыстық-процестік заңнаманы бұзып отырғаныңыз", - деді судья.

Ары қарай адвокат сөзін жалғастырғанымен, судья оның орнына жайғасуын өтініп, жарыссөз талаптарын түсіндірді. Судья Ғазымжановқа оған үш рет ексерту жасалғанын, бірақ ол негізсіз дәлелдерді қайталай бергенін айтты. Және өзінің не айтып жатқанын бақылауда ұстау керектінін тағы бір ескертті. 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар