Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Әлем чемпионы Карлос Адамес Жәнібекпен жекпе-жекке шығатын болды

Әлем чемпионы Карлос Адамес Жәнібекпен жекпе-жекке шығатын болды
Карлос Адаместің Instagram-парақшасынан. Суретте: Карлос Адамес
Жекпе-жектің күні 3 тамыз деп белгіленді.

Орта салмақта WBC ұйымының "уақытша" чемпионы доминиканалық Карлос Адамес (23-1, 18 KO) осы дивизионда WBO және IBF титулдарына ие Жәнібек Әлімханұлымен (15-0, 10 КО) жекпе-жекке шығуға келісті, деп жазады KYN.KZ тілшісі.

Жекпе-жектің күні 3 тамыз деп белгіленді.

"Адамес пен Әлімханұлы арасында орта салмақтағы үш тиутл үшін айқасты 3 тамыздағы бокс кешінің кардына қоссақ қалай? Маған бұл ой ұнап тұр", - деп Broadway Joel-дың твиттер-парақшасына жазған жазбасына  Адамес келісетінін айтқан.

"Мен бұған әлбетте келісемін!!! Мен Жәнібекпен ойнап уақыт кетіріп жатқан жоқпын, оның промоутері келісімшартқа қатысты әзілдей береді... Саған олардың нөмірін берейін бе?", - деп жазды Карлос. 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар