Дәретханадағы соққыдан кейін қаза тапқан оқушының мектеп директоры қызметінен шеттетілді
- автор Томирис Тоныкөк
- 3 мамыр, 2024
- 519
Жамбыл облысына қарасты Құмжота ауылындағы Ыбырай Алтынсарин атындағы мектеп директоры 8-сынып оқушысының өліміне қатысты Қанатбек Байтен қызметінен босатылды, деп жазады KYN.KZ тілшісі.
Жамбыл облысында сегізінші сынып оқушысы жоғарғы сынып оқушысының қолынан қаза тапқан болатын. 8-сынып оқушысы кеуде тұсынан алған соққыдан кейін мектеп дәретханасында жан тапсырған. Ал жұдырық жұмсаған 9-сыныптың оқушысы қамауға алынған.
"Жігіт қой, 14 жасқа келген сап-сау азамат. Алар белесі көп еді, баламның. «Мама, мен дәрігер боламын, екеуіміз бәрін жеңеміз» деп.. кешке бәрі естіді. Бүкіл ауыл шулады. Екі орынбасарын ілестіріп алып, ата-аналардың үйін аралаған ғой. «Айтпайсыңдар, шықпау керек, ауыздарыңнан шықпасын» деп. Ата-аналарға да қысым жасалып жатыр. Жұмыс орнының басшылығына айтып, сол ата-аналарға қысым жасап жатыр,” - деп ашынды марқұмның анасы Раушан Құдасова.
Еске сала кетейік, бұған дейін журналист Данияр Әлімқұл өзінің Facebook-парақшасында 8-сынып оқушысының мектеп ауласындағы дәретханада қаза тапқаны жайлы жазған болатын.
Ал кейін басқа ата-аналардың да бұл жағдайдан кейін қорқып қалғанын хабарлаған болатынбыз.