«Өлсең де бізге шығынсың»: Күйеуден қайтып келген қыз қорғаушыдан көмек сұрап хат жазған
- автор Томирис Тоныкөк
- 5 мамыр, 2024
- 1.8k
Күйеуінен ажырасып кеткен 18 жастағы қызды өз анасы ұрысып, үйіне кіргізбей қойған. Бұл туралы белсенді құқық қорғаушы Ракишева Ләззат Instagram парақшасында бөлісті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Жас келіншек қорғаушының жеке парақшасына басындағы жағдайды айтып, хат жазған. Ол анасының үйіне сыймағанын, енді қайда барарын білмейтінін жеткізіпті.
«Жасым 18-де,күйеуімнен ажырасып келдім. Өгей әкем болған. Қазір анам өзінің басқа балаларымен жылы үйде отыр. Менің бірге тұрғанымды қаламайды-ау. Өйткені “қаншық, күніңді көре алар ма екенсің, сен өлсең де шығынсың ғой” деген сөздерді айтты. Сөйтіп кетіп қалдым. Ұрысыспайтын едік, сіңілімді ұрсамын деп, арамызға түскеннен шықты әңгіме. Тірі жетім сияқтымын. Әкем менің жағдайым қандай білгісі де келмейді. Уақытша анамның сіңілісінің үйінде жүрмін. Бірақ бұл кісі де мені жақтырмай бастады. Досы бар еді. Үлкен кісі, маған ырбыңдағанын айтқан болатынмын. Бірақ мені кінәлады. Сол себепті бұл жақта да тұра алмайтынымды түсіндім”, - дейді ару.
Өз кезегінде қорғаушы бұл оқиға бойынша іс қозғалғанын мәлімдеді. Қыздың ата-анасы полицияға арыз жазған. Қазіргі кезде тергеу амалдары жүріп жатыр екен.
“Қызды екі қорғаушы қорғап жатырмыз. Жігіт өте нашар адам дейді. Өзінің жанындағы достары да біраз ақпарат жинап берді. Бұл қыздан басқа тағы біреуді зорлаған деген ақпарат келді”, - деп жазды қорғаушы.