Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

“6-10 жас аралығында”: Атасы немересін бірнеше жыл зорлап келген

“6-10 жас аралығында”: Атасы немересін бірнеше жыл зорлап келген
Фото:tayga.info
Алматы облысы, Қарасай аудандық тергеу соты ер адамды он күнге ғана қамапты. Ал зорлық көрген бала қазіргі таңда жасөспірім екен.

Алматы облысында атасы немересін 6 жастан бастап 10 жасына дейін зорлап келген, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 
Бұл туралы белгілі адвокат Айман Омарова әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Айтуынша, өгей атасы немерсін бірнеше рет зорлаған.

“Бір кісі өгей немересіне сексуалды зорлық-зомбылық көрсеткен. Бала кішкентай 6-10 жас аралығында болған. Қазіргі таңда ол бала жасөспірім. Бұл оқиға Қарасай ауданында болған. Ол кісіні Қарасай аудандық тергеу соты он күнге қамаған. Қарасай ауданының прокуроры оны он күнге ғана сұраған болатын. Негізінде одан да көп қамаса болар еді. Ол зорлық бір емес, бірнеше рет болған”, - дейді қорғаушы Айман Омарова. 

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар