Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Аға секілді": Мейрамбек Беспаев өз әкесін кейін тапқанын айтты

"Аға секілді": Мейрамбек Беспаев өз әкесін кейін тапқанын айтты
Беспаевтың İnstagram-парақшасынан. Суретте: Мейрамбек Беспаев
Балалық шағы Жамбыл облысы Талас ауданында өткен ол өзін ата-әжесі баққанын айтты.

Мейрамбек Беспаев "Сәлем, Папа" жобасында балалық шағы жайлы сөз қозғады, деп жазады KYN.KZ тілшісі.

Балалық шағы Жамбыл облысы Талас ауданында өткен ол өзін ата-әжесі баққанын айтты. 

"Ол кезде заман сондай ма, ата-әженің баласы болдық. Әке-шешем жас. Олар қалада тұрды. Мен ата-апамның қолында ауылда тұрдым. Әкем маған аға секілді көрінетін. Әке-шешемнің солар екенін естігенде қатты таңғалдым. Оған дейін мен ата-апамның баласымын деп өсітім ғой. Мектепке баратын кезде әкем атамнан жалынып сұрап алған. "Қаланың өмірін көрсін, мектепке барады" деген соң, атам рұқсатын берді", – дейді әнші.

Өнер иесі осылайша екі әкенің тәрбиесін көрген. Кейін сахнаға шығып, Алтынбек Қоразбаевты да әкесіндей көре бастаған.

"Құдайға шүкір, менің әкелерім көп болды. Өз туған әкем ақкөңіл кісі. Ортасын жадыратып, күлдіріп отыратын. Шешем – салмақты, көп сөйлемейтін адам. Маған екеуінің де қасиеті қанмен берілді деп ойлаймын. Салмақтылығым да, әзіл айтып күлдіріп отыратыным да бар. Әкемнен шапалақ алған адам емеспін. Оның қас-қабағына қарап-ақ түсіне беретінбіз.

Әкенің рөлін сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Оны өзіміз әке болғанды жақсы түсініп жатырмыз. Әкенің қадірін балалы болғанда білесің. Балаға әкенің өсиеті мен берген тәлімі өте маңызды. Қазақ әкені асқар тауға теңейді. Бүгінде балаларыма жақсы әке болуға тырысамын. Мен бала күнімде "Бозторғай" деген әнді айтқанмын. Жетім баланың зары мен мұңын суреттейді. Сол кезде Алтынбек көкем жетімдер үйіне алып барған. Әнді түсініп айтсын деген ниеті болуы керек. "Мына балалардың әкесі де, шешесі де жоқ" дегенде, "өмірде әке-шешесі жоқ балалар да болады екен ғой" деп қатты таңғалғаным бар", – дейді өнер иесі.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар