Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Шымкентте полицей патруль шақырған қыздарға шабуыл жасады (видео)

Шымкентте полицей патруль шақырған қыздарға шабуыл жасады (видео)
Видеодан скриншот
Оның бұл әрекетіне қыздар күдіктенген.

Шымкентте патруль шақырған қыздарға полицейдің шабуылдаған видеосы тарады, деп жазады KYN.KZ тілшісі.

Видео "Шымкент онлайн" Instagram-парақшасында жарияланған.

Түркістан көшесімен келе жатқан екі қыз басқа бір бойжеткенді екі жігіт күшпен ұстап алғанын байқайды. Шымкент тұрғындарының айтуынша, олар көмек сұраған дауысты естіп, айналып кете алмаған. Қыздар мән-жайды айтып, полицияға хабарласқан, бірақ содан кейін оларға белгісіз нөмір қоңырау шалып, вокзалға келуін сұраған.

Сәлден соң оқиға орнына полиция формасын киген ер адам келгенімен, ешқандай құжат көрсетпеген және өзін таныстырмаған. Оның бұл әрекетіне қыздар күдіктенген. Олар бұл жағдайды видеоға түсірмек болған, бірақ полиция қызметкері агрессивті әрекет жасап, олардың біріне шабуыл жасап, итеріп жіберген.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар