Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Астанада жатақханадан өрт шықты

Астанада жатақханадан өрт шықты
Сурет: ТЖМ
Өрт сөндірушілер жатақханадан 15 газ баллонын шығарды.

Астанада Байқоңыр ауданының Жетісай көшесінде орналасқан бір қабатты жатақхананың шатыры өртенді, деп хабарлайды деп KYN.KZ ақпарат агенттігі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

Өрт болған нысанда электр қуаты сөндірілді. 12 бөлмесі бар жатақхананың тұрғындары өздері эвакуацияланған.

 

Өрт орнында 26 құтқарушы мен 7 бірлік техника жұмыс істеді. Оқиға орнына тұрғындарды жылытуға арналған автобус жіберілді.

 

Өрт сөндірушілер жатақханадан 15 газ баллонын шығарды. Зардап шеккендер жоқ. Өрт 22:38-де оқшауланып, 01:01 сағатта 160 шаршы метр аумақты шарпыған тілсіз жау жойылды. Оқиғаның себебі анықталуда.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар