Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ұлы ақын Абайдың жиені өмірден озды

Ұлы ақын Абайдың жиені өмірден озды
Фото: t.me/madenietaqparat
Ұлы Абайдың жиені Балтабек Ерсәлімов 86 жасында қайтыс болды.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, филолог,  Семей қаласының және Абай облысының құрметті азаматы Балтабек Ерсәлімов дүниеден озды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

 

Бұл ақпаратты Мәдениет және ақпарат министрлігі Telegram-дағы арнасы мәлімдеді. 

 

"Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері, Семей қаласының және Абай ауданының құрметті азаматы, Балтабек Ерсәлімов 86 жасында өмірден өтті", - делінген хабарда. 

 

Балтабек Ерсәлімов – 1938 жылы 28 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласында дүниеге келген. Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, "Еңбек ардагері", "Тыңға 50 жыл" медальдарының, "Құрмет" орденың иегері. 

 

Балтабек Ерсәлімов Абай, Шәкәрім, Мұхтар Әуезовтің рухани мұрасын насихаттап, Семейдегі Абай қорынның ашылуына ықпал тигізген. 1992 жылы «Абай» журналының қайта шыға бастауына айтарлықтай үлес қосты. 1993 жылы баспадан жарық көрген «Абайдың ақын шәкірттері» деген жинақтың жауапты шығарушысы. 

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі өлкетанушы Балтабек Ерсәлімовтың отбасы мен туған-туыстарына көңіл айтады.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар