Басты жаңалықтар
Бишімбаев пен Байжановқа қашан үкім шығатыны айтылды (Видео)
- автор Томирис Тоныкөк
- 6 мамыр, 2024
- 638
Бишімбаев пен Байжановқа қатысты шешімді сот 10 мамырда қабылдайтыны белгілі болды.
Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановқа үкім мамыр айы мерекелерінен кейін шығуы мүмкін, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бүгін, 6 мамырда болған сотта Бишімбаев пен Байжанов соңғы сөздерін сөйледі. Келесі отырыс 10 мамыр сағат 10.00-де өтетін болды.
"Менің ойымша, 10 мамырда жарты күн сұрақтарды дайындауға кетеді. Өйткені сұрақтарды дайындау кезінде қорғаушы тарап пен біздің арамызда дау болатыны сөзсіз. Қалай болғанда да, судья оны реттеп отырады, ал қалғанын алқабилер шешеді. Ол сол күні шешім қабылдауы мүмкін немесе сот барысында айтылған материалдарды одан әрі зерттеу үшін уақыт қажет болуы мүмкін. Менің ойымша, оған кемінде бір күн кетеді", – деді Игорь Вранчев.