Ақтөбеде су тасқынынан соң жөнделген жол сапасына тұрғындар шағымданып жатыр
- автор Томирис Тоныкөк
- 6 мамыр, 2024
- 522
Су тасқынынан соң өңірде көптеген көшенің тоз-тозы шықты, жергілікті билік өкілдері көлік қатынасын реттегенімен, тұрғындардың жол сапасына көңілі толмай отыр, деп жазады KYN.KZ тілшісі.
Жергілікті тұрғындардың бірі қалалық пабликте жазба қалдырып, 12-шағын аудандағы көшенің жағдайы көңіл көншітпейтінін айтқан.
Әуежайдың ұшу-қону жолағы су астында қалғанда, асфальтті қазып, барлық су өзенге бұрылды. Жұмыс аяқталған соң жолды ашып, қозғалысты қалыпқа келтірді. Жұмыстың сапасыз атқарылуы жол қатысушыларының барлығына қауіп төндіруде. Көлік кептелісі туындайды. Кедергіге дейін ешқандай белгі қойылмаған, - деп жазды жүргізуші.
Қаланың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің өкілдері бұл шағым назарға алынғанын мәлімдеді.