Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Көршілердің өсегінен соң анасы тұтқындалды": Алматы облысында жоғалған 3 жасар қыздың мәйіті әлі табылмады

"Көршілердің өсегінен соң анасы тұтқындалды": Алматы облысында жоғалған 3 жасар қыздың мәйіті әлі табылмады
Алматы облысының ПД Баспасөз қызметі. Суретте: 3 жасар қыз Айя-София
Анасы алкагольді ішімдік ішпеген.

Алматы облысында жоғалған 3 жасар Айя-Софияға байланысты видео жарияланды. Бұл туралы KYN.KZ тілшісі "Не молчи" қорының желідегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Еңбекшіқазақ ауданындағы Күш ауылында 3 жасар Айя-София жоғалғанына 2 ай болды. Алматы облысының полиция департаменті “Жас баланы өлтіру” бабы бойынша іс қозғағанын хабарлаған еді. Алайда жоғалған қыздың мәйіті әлі күнге табылмаған.

Қыздың анасы Елена Юрьевна Молгачеваны қазір полиция қызметкерлері қамауға алған. Бұл әрекетті “Не молчи” қоры:

 “Ауылда өте күмәнді және адекватты емес адамдар таратқан жалған қауесеттердің кесірінен ана тұтқындалды. Жоғалған қызды іздеуге барынша көмек көрсетіңіздер. Туыстары қыздың анасына  жала жабылды деп айтып жатыр. Софияның жоғалуына кінәлілер жазадан құтылып кетеді”,-деп жазды.

КТК арнасының дайындаған сюжетінде ауыл тұрғыны: "қыздың анасы арақ үшін сатып жіберді",-деп айтады. Алайда әйел алкагольді ішімдік ішпеген.

Айта кетейік, бұған дейін 3 жасар қыздың жоғалып кеткені жайлы,оны өлтіріп кетуі мүмкін екенін жазған болатынбыз. 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар