"Есірткі берді, сосын зорлады": 15 жасында сұмдық жағдайды басынан өткерген бойжеткен көмек сұрады (видео)
- автор Томирис Тоныкөк
- 6 мамыр, 2024
- 4.6k
15-16 жастарында өзіне есірткі беріп, кейін зорлағанына айтқан бойжеткен көптен көмек сұрайды, деп жазады KYN.KZ тілшісі.
Оқиғаға қатысты қазақстандық құқық қорғаушы Айман Омарова үндеу видеосын жариялады. Оның бұл видеосын Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасына заңгер Ләззат Ракышева бөлісті.
"Бүгінгі көтеріп отырған мәселеміз, тек қана сексуалды зорлық-зомбылық қана емес, есірткі қолдануға мәжбүрлеу. Бізге көмек сұрап келген қызға шамамен 15-16 жастарынада есірткі беріп, оны соған бағынышты етіп тастап, кейін зорлаған.
Мирас деген бір күдікті қазір қамауға алынды,. Тағы бір күдікті үйқамақта отыр. Ал есіркі беріп, қолданған тағы бір күдікті әлі бостагдықта жүр", - деді ол видеода.
Ал кадр сыртында отырған қыз болса, "Маған есірткі берді, сосын зорлады. Өтініш маған көмектесіңіздер" деп кешірім сұрады.
"Біздің қорғауымыздағы тағы бір істің бірі: ол кәмелет жасқа толмаған қызды өз еркінен тыс мәжбүрлеп есірткіге отырғызған, үлкен еркектер зорлаған … Осы іске қатысы бар адамдарды әлі ұстаған жоқ.
Құрметті ата-аналар! Президент жанындағы Әйел істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясы және “Samruk-Kazyna Trust” қорының қолдауымен, One Stop service-“Бір қадам” пилоттық жобасы жұмысын жасап жатыр.
Бұл орталықта зорлық-зомбылық көрген әйелдер мен балаларға тегін құқықтық, психологиялық көмек көрсетіледі.
Телефон номерлері: +7 (707) 154 - 75-38, +7 (776) 577-92-67", - деп жазды Ракышева.
Айта кетейік, бұған дейін бір топ жігіт есірткі беріп, 3 күн бойы зорланған бойжеткен жайлы жазған болатынбыз.