Ақтөбеде ерлі-зайыптылар тірідей өртеніп кетті
- автор Томирис Тоныкөк
- 7 мамыр, 2024
- 465
Ақтөбеде ерлі-зайыпты үймен бірге өртеніп кетті. Олардың денелерін өрт сөндірушілері жалын басылғаннан кейін ғана тапқан деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Оқыс оқиға Ақтөбе қаласындағы саяжайлардың бірінде болған. Үйдің түтіндеп жатқанын құтқарушыларға көршілер хабарлапты.
Өрт сөндірушілер жеткенше айналадағы адамдар тілсіз жауды өшіруге тырысқан. Бірақ талаптары сәтсіз болыпты. Ал өрт сөндірушілер жеткенде қызыл жалын үйді түгелдей шарпыған. Өрт сөндірілгенімен үй иелерін аман алып қалу мүмкін болмаған. Қос зейнеткердің денесі жалын басылғанда күл астынан табылған.
Сол маңдағылардың айтуынша қос қария мұнда біраздан бері тұрып келеді екен. Ақпарат бойынша өрт электр сымдарының тұйықталуынан болуы мүмкін деген болжам бар.
“Осы үйден сегіз бірлік газ және оттегі баллондары алынды. Өрттің ықтимал себебі электр сымының розеткаға қосылған пештен қысқа тұйықталуы болуы мүмкін”,- деді Ақтөбе қаласы, Астана ауданы ТЖ бөлімінің бастығы Данарбек Иманғазин.