Қостанай облысының Қарасу ауданында ерекше табиғи құбылыс табылды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі “Наша газета” порталына сілтеме жасап.
Тұрғындар Қарасу ауданындағы егістіктердің бірінен жерден ойылған шұңқырды байқаған. Аудан әкімдігі шұңқырдың табиғи әсерден пайда болғанын айтады.
"Ауылшаруашылық жерінде мөлшері 3х4 метр және тереңдігі 10 м-ге дейін шұңқыр пайда болды. 2023 жылдың күзінен бастап жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын мен судың көп мөлшеріне байланысты, сондай-ақ биылғы су тасқынына орай жер толығымен сіңірген. Соның салдарынан жер асты сулары да әсер ете отырып, топырақ жібіп жер астына опырылған”, – делінген хабарламада.
Оқиға орнында түсірілген кадрлардан үлкен шұңқырдың ішінде кішкене тесік пайда болғанын және оның тереңдігі әлдеқайда тереңде екенін көруге болады.
7-9 мамыр аралығында өтетін мерекелік іс-шаралар тізімі
Ұқсас жаңалықтар
Сенат ЛГБТ насихатына тыйым салу туралы заңды бірінші оқылымда мақұлдады
- авторТомирис Тоныкөк
- 18 желтоқсан, 2025
Қала тұрғындарының орташа жалақысы 539 мың теңге - Алматы әкімі
- авторТомирис Тоныкөк
- 18 желтоқсан, 2025




