Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Қылмыстық кодекс": Ресей Зеленскийге іздеу жариялады

"Қылмыстық кодекс": Ресей Зеленскийге іздеу жариялады
News.myseldon.com, Суретте: Владимир Зеленский
Зеленскийдің 1978 жылы 25 қаңтарда Кривой Рогта туғаны жазылған.

Ресей ІІМ қылмыстық бап бойынша Украина президенті Владимир Зеленскийге іздеу жариялады, деп жазады ведомствоның мәліметтер базасы сілтеме жасап KYN.KZ тілшісі.

Зеленскийдің 1978 жылы 25 қаңтарда Кривой Рогта туғаны жазылған. Днепропетровск облысы Украина деп көрсетілген. Ұлты украин деп жазылған.

Сондай-ақ Ресей ІІМ мәліметтер базасында оған Қылмыстық Кодекс бабы бойынша іздеу жарияланғаны көрсетілген. Десе де қай бап бойынша айыпталатыны жазылмаған.

Айта кетейік, соғыс басталғалы 800 күн өтті. Қаңтар айында Financial Times Ресей әскері жазда Украинада кең ауқымды шабуыл жасауды жоспарлап отырғанын хабарлаған еді. Басылымның дереккөздері Ресей 2022 жылы қосылған Украинаның төрт аймағының қалған аумақтарын басып алуға тырысады деп жазған.

Зеленский CBS News-ке берген сұхбатында Ресейдің жаңа ірі шабуылы мамыр айының соңында немесе маусымда басталуы мүмкін екенін айтқан болатын.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар