"Бірі қайтыс болған": 1993 жылы қарулы шабуылға тойтарыс бергендер араға 31 жыл салып марапатталды
- автор Томирис Тоныкөк
- 7 мамыр, 2024
- 777
Ішкі істер министрлігінде Отан қорғаушы күні аталып өтті. Ел амандығы үшін күні-түні қызмет етіп жүрген сақшыларға құрмет көрсетілді. Бұл туралы KYN.KZ тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Тәуелсіздік жылдары қызмет бабында ішкі істер органдарының 800-ден астам қызметкері көз жұмған. Солардың бірі – Солтүстік Қазақстан облысының Ленин ауданы Ішкі істер басқармасының аға инспекторы Анатолий Добрынин. Ол 1993 жылы полиция ғимаратына жасалған қарулы шабуылға тойтарыс беру кезінде қаза тапты. Қасындағы әріптесі Серік Оразалинмен бірге қаскөйлерге қарсы тұрып, табельдік қаруды басып алуға жол бермеді.
«Екі офицердің әрекеті жоғары бағаланып, мемлекеттік наградалар өз батырларын 31 жылдан кейін тапты. Біз бұл жұмысты жалғастырамыз. Архивтерді зерделейміз. Ерліктері бағаланбай, көлеңкеде қалып қойған батырлардың есімдерін ұлықтайтын боламыз!» – деді Ержан Саденов.
Марқұм Анатолийдің марапатын – «Ерлігі үшін» медалін бауыры Юрий Добрынин алды.