БАӘ-дегі қазақстандық дипломаттың әйелі елге оралды
- автор Томирис Тоныкөк
- 7 мамыр, 2024
- 1.4k
Күйеуінен зорлық-зомбылық көргенін айтып, видео жариялаған БАӘ-дегі қазақстандық дипломаттың әйелі елге оралды. Бұл туралы KYN.KZ ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, Карина Мамаштың елге қайтуы үшін рейс ұйымдастырылып, оған балалары тапсырылған.
“НеМолчи.kz” қоры Instagram парақшасында Каринаның алғыс айтқан аудиожазбасымен бөлісті. Ол алғысын айтып, қазір бәрі жақсы екенін алға тартқан.
"Осы іске қатысқандардың барлығына алғыс айтқым келді. Атап айтқанда Дина Смайыловаға, НеМолчи.kz қорына, Эльнара Байназароваға, Қазақстан СІМ және СІМ қызметкерлеріне көп рахмет!", - деді ол.
НеМолчи.kz қоры Сәкен Мамашты жүйелі түрде зорлық-зомбылық жасағаны үшін жауапкершілікке тартуды талап етті. Сондай-ақ, анасы мен баларына тұратын жерді анықтап, ажырасу, мүлікті бөлу және алимент өндіріп алу рәсімін жүргізу қажет екенін алға тартты.