"Шаршадым, Зәке, сатамын": Мақпал Заманбектен кешірім сұрады (видео)
- автор Томирис Тоныкөк
- 8 мамыр, 2024
- 48.6k
Facebook әлеуметтік желісінде Мақпал Жүнісованың даусына ұқсас әйелдің Заманбек Нұрқаділовтың үйін сататыны, ол үйді сақтап қалу үшін айына көптеген қаражат жұмсап жүргені жайлы айтқан видеосы жарияланды, деп жазады KYN.KZ тілшісі.
Жүнісова алдымен бұл видеоны өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына жариялап, кейін өшіріп тастады.
"Зәке, сен мені кешір. Мен шаршадым. Менің сенің дүниеңді сақтап отырғаныма 20 жыл болады екен. Кешір мені. Егер де үкімет сенің дүниеңді алып кетпейтін болса, туған туысқандардың бәріне таратып, мына үйді сатамын. Маған оңай болмай тұр. Сол үшін тойға барып жүрмін. Ай сайын жүз мың теңге керек сіздің үйіңізді сақтау үшін. Бұл жерде біз шомылмаймыз да, саунаға да түспейміз. Ешқандай затыңызды пайдаланған да жоқпыз. Бұл үйге газ жүргізілмеген Зәке. 20 жыл бойы екі үйге 210 мың теңгеден төлеп келе жатырмын. Екі үйге де газ жүргізілмеген. Мен жылағым келеді, шаршадым Зәке. Осы үйді Тоқаевқа беремін", - дейді ол 2 минуттық видеода.