Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Дубинкамен сабап жатыр": Түркістан облысында жаппай төбелескендердің видеосы жарияланды

"Дубинкамен сабап жатыр": Түркістан облысында жаппай төбелескендердің видеосы жарияланды
Видеодан скриншот. Коллаж: KYN.KZ
Видео авторы Атакент ауылындағы көшелердің бірінде жаппай төбелес болғанын айтты.

Түркістан облысының Мақтаарал ауданында жаппай төбелескендерді куәгерлер видеоға түсіріп алған, - деп  жазады KYN.KZ тілшісі.
Әлеуметтік желідегі кадрларға қарағанда, төбелес бірнеше ер адам арасында болған. Кейбірінің қолында дубинка бар, бір-бірін жұдырықпен ұрады, тепкілейді.

Видео авторы Атакент ауылындағы көшелердің бірінде жаппай төбелес болғанын айтты.

Түркістан облысының полиция департаменті оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

"Түркістан облысының полицейлері Мақтаарал ауданындағы ауылдардың бірінде бір топ жасөспірімнің бұзақылық әрекетін анықтады. Күдікті ұсталды. Мән-жай анықталып жатыр", - делінген хабарламада.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар