Талдықорғанда бұрынғы жігіті бойжеткенді жұмыс орнына іздеп барып, кеңсе пышағымен бауыздаған
- автор Томирис Тоныкөк
- 8 мамыр, 2024
- 4.9k
Талдықорған прокуратурасында бұрынғы жігіті аямай сабап, тамағын орып жіберген Адина есімді қыздың ісі қаралып жатыр, деп KYN.KZ тілшісі.
Адина жігіті өзіне қол көтеріп бастаған соң ара қатынасты тоқтатқан. Бұнымен қалмаған жігіт оны жұмыс орнына іздеп кеп, кеңсе пышағымен тамағын кескен. Жәбірленуші әріптестерінің арашалауының арқасында өлімнен аман қалған.
Реанимациядан енді ғана палатаға шыққан Адинаны полиция қызметкерлері тергеуге алып кеткен. Сөйтіп бастапқыда істі алаяқтық бабымен қараған. Кейін қоғамда шу шыққан соң ғана адам өлтіруге оқталу бабына ауыстырған.
Бірақ өкінішке қарай сот барысында айыпталушы тарап бұл оқиғаға Адинаның өзін кінәлі етіп көрсетуге тырысып бағуда. Қазір айыпталушының адвокаттары істі қайтадан алаяқтық бабына ауыстыруға өтініш берген.
Егер өтініш қабылданса, қауіпті қылмыскер жазадан сытылып кетпек. Ақпарат «Немолчи.кз» тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарын қолдаумен айналысатын фондтың телеграм каналында жарияланды.
Жүрегі әлсіздер мен өте сезімтал адамдарға видеоны қарамауға кеңес береміз.