Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Семейде көпқабатты үйлердің бірінде лифт құлап кетті

Семейде көпқабатты үйлердің бірінде лифт құлап кетті
Сурет: arnapress.kz
Көпқабатты үйлердің бірінде лифт артық салмақтан құлап кеткен.

Семей қаласында көпқабатты үйдің бірінде жеделсаты құлап кетті. Оның салдарынан 6 адам зардап шекті,  деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Оқиға 8 мамырда болған. Лифттің ішінде алты адам болған.

"Сағат 11.40 шамасында Әуезов даңғылы, 3 мекенжайындағы көпқабатты тұрғын үйдегі екінші кіреберісте лифт шахтаға құлап кеткен. Лифтке 6 адам кіргені анықталды. Рұқсат етілген салмақтан асып кету салдарынан лифт кабельдері үзіліп кеткен", - деп хабарлады қала әкімдігінен.

Қазіргі уақытта зардап шеккендер қаладағы жедел медициналық жәрдем ауруханасына жеткізілген. Оларға медициналық көмек көрсетілуде.

«Абырай болғанда, оқиға салдарынан қаза болған ешкім жоқ. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде», - делінген ақпаратта.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар