Дипломат күйеуінен қорлық көрдім деген әйел балаларымен бірге дағдарыс орталығына жеткізілді
- автор Томирис Тоныкөк
- 9 мамыр, 2024
- 2.8k
БАӘ-гі Қазақстан елшілігінің кеңесшісінің әйелі Карина Мамаш елге оралғаннан кейін дағдарыс орталығына барды. Оның өз пәтері бар, бірақ ол жерде қазіргі уақытта Сәкен Мамаштың туыстары тұрып жатыр, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Nemolchikz_offical өз Instagram парақшасында жариялады. Қордың жазуынша, Каринадан қазір түсініктеме алуда. РФ-нан ұшып келген анасының сөзінше, Каринаға неше түрлі сұрақтар қойыпты. Оның ішінде ішімдік қолданған шығарсың деген секілді сауалдар болған.
Каринаның анасы мен әпкесі басқа дағдарыс орталығына барған. Ал өзі мен балалары «Қорғау» дағдарыс орталығында екені белгілі болды. Орталық басшысы ол жерде психолог маманы мен заңгердің көмегін алатынын айтады.
"Қазір Карина Мамаш әпкесі мен балаларымен еліне оралды. Әуежайдан оны жақын достары қарсы алды, бірақ күйеуінің туыстары да келді. Балалары үшін қорыққан ол дағдарыс орталығына келді. Қазіргі уақытта олар дағдарыс орталығында, әйел мұнда психолог пен заңгердің көмегін алады", – деп жазған Анна Рыль өз Facebook-парақшасында.
Ұқсас жаңалықтар
Жүргізуші куәлігін алу қиындай түсті: өзгерістер енгізілді
- авторТомирис Тоныкөк
- 11 қазан, 2024