Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мамыр айында мерекелік күндерге қанша көлемде әлеуметтік көмек көрсетілетінін мәлім етті, деп хабарлайды AtyrauPress-ке сілтеме жасап KYN.KZ тілшісі.
Атырау қаласында Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагер тұтқыны бір адам ғана қалған. Оған миллион теңге төленеді. Ал, Жеңіске үлес қосқан 21 тыл ардагеріне 100 мың теңге аударылмақ.
Сондай-ақ, марапатталмаған 903 тыл ардагеріне 50 мың теңгеден біржолғы ақшалай көмек көрсетіледі.
Сол секілді, 1986-1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апатты жоюға қатысқан 170 ардагерге жыл сайын 150 000 тенгеден беріледі.
Бұдан бөлек, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан 965 ардагерге (Ауған - 434, Тәжік-Ауған - 331, Ирак - 2, Таулы Қарабах - 195, басқа елдер - 3) жыл сайын 150 000 тенгеден көмек көрсетіледі.
Осының барлығын қосқанда 2060 адамға 218 500,0 мың теңге төленеді.
Ұқсас жаңалықтар
Түркістан облысы балық шаруашылығын дамыту бойынша республикада көш бастады
- авторkyn.kz
- 30 қыркүйек, 2024