Мәдениет
Баян Алагөзова «Keshyou» тобымен бірге Лос-Анджелеске аттанды
- автор Томирис Тоныкөк
- 10 мамыр, 2024
- 409
Продюсер бұл жаңа жобасы көпшіліктің көңілінен шығатынына сенімді
«Keshyou» тобының жаңа құрамы Американың Калифорния штатына аттанды. Баян Алагөзова қазір Лос-Анджелесте шетел жұлдыздарымен бірге жаңа жобаның түсірілімінде жүр, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
Продюсер Америкадағы бұл жобасы туралы бағдарламалардың біріне айтқан болатын. Ол жақтағы әншілермен келісуге оның бір жыл уақыты кеткен. Бұл жөнінде ол өз Instagram парақшасында айтты.
«Қазір өте толқып тұрмын. Қайда, кімге бара жатқанымызды білмейміз. Қыздар қазір жас, ештеңе түсініп отырған жоқ. Тіпті біздің олармен келісудің өзі қаншаға түскенін білмейді. Сондықтан қыздар, сендердің жолдарың болған. Қалай боларын білмейміз. Бірақ әлемдік деңгейде өткенін қалаймын. Қазақстанға және бүкіл әлемге ұнайды деп ойлаймын», - дейді Баян Алагөзова.