Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Депутат пен екі мұғалім қаза тапты": Ақтөбе облысында көлік апаты болды

"Депутат пен екі мұғалім қаза тапты": Ақтөбе облысында көлік апаты болды
Ақтөбе облысының полиция департаменті
Олардың артында мектеп жасындағы 3 бала қалды. Көз жұмған үшінші жолаушы Ырғыз ауданы мәслихатының 28 жастағы депутаты, ауданның ветеринар дәрігері болған.

Ақтөбе облысындағы тас жолда мәслихат депутаты мен ерлі-зайыпты мұғалімдер көлік апатынан көз жұмды, деп хабаралайды KYN.KZ тілшісі Мой Город басылымына сілтеме жасап.

Жол апаты 9 мамырда Самара-Шымкент тас жолында болған. Ырғызға жақындап қалған ВАЗ жеңіл көлігі өз бағытында келе жатқан  МАН жүк көлігінің артынан соққан. Салдарынан жеңіл көліктегі 3 адам қаза тапқан.

Көлікті Ырғыз мектебінде дене шынықтыру пәнінен сабақ берген 45 жастағы мұғалім жүргізген. Ол ауруханаға түскен соң қаза тапқан. Оның әйелі оқиға орнында көз жұмған. Әйел де сол мектепте бастауыш сыныптың мұғалімі болып жұмыс істеген. Олардың артында мектеп жасындағы 3 бала қалды. Көз жұмған үшінші жолаушы Ырғыз ауданы мәслихатының 28 жастағы депутаты, ауданның ветеринар дәрігері болған.

Ақтөбе облысының полиция департаменті болған оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын хабарлады.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар