Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Аузынан қан аға бастады»: Әйелін ұрып өлтіріп қойған шахтер 8 жылға ғана сотталды

«Аузынан қан аға бастады»: Әйелін ұрып өлтіріп қойған шахтер 8 жылға ғана сотталды
Кенші әйелі екеуінің арасында жанжалдың жиі болып тұратынын айтқан.

Қарағанды ​​облысы Абай қаласының 35 жастағы тұрғыны әйелін ұрып өлтірген. Ол сегіз жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Patriot Telegram арнасының хабарлауынша, қайғылы оқиға 2023 жылдың 10 қазанында кешкі уақытта болған. Сотталушының айтуынша, үйіне келе жатып әйелінің бетінен және денесінен ұрыпты.

«Үйге жақындағанда ол есінен танып қалды. Кеш болды, мен оны үйге әкелдім. Ол әлі де дем алып жатты. Мен оның қасына диванның жанына отырдым. Содан тынысы нашарлады. Мен оны мұқият бүйіріне жантайтып жатқыздым, аузынан қан аға бастады. Мен анама қоңырау шалдым. Жедел жәрдем шақырды. Жедел жәрдем келді, ол дем алмай жатты. Полиция шақырылды. Мен үйде күттім», – деді сотталушы.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар