Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

13 мамырға арналған ауа-райы: Найзағай ойнап, жаңбыр жауады

13 мамырға арналған ауа-райы: Найзағай ойнап, жаңбыр жауады
13 мамырда ауа-райының тұрақсыз сипаты сақталады.

Қазгидромет» бүгінгі күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

 

“Қазгидромет” синоптиктерінің мәліметінше, бүгін елдің басым бөлігіне атмосфералық фронтальды бөлімдер әсер ететіндіктен ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады. Найзағай ойнап, жаңбыр жауады, солтүстікте қатты жаңбыр жауады, елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде, оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында бұршақ жауады.

 

«Тек республиканың солтүстік-шығысында, шығысында, оңтүстігінде, орталығында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша жел күшейеді, солтүстік-батыста, солтүстікте қатты жел, түнде және таңертең шығыста тұман болуы мүмкін», — делінген хабарламада.

 

Қарағанды облысының батысында, оңтүстігінде, Ұлытау облысының орталығында, Ақтөбе облысының қиыр оңтүстігінде, Абай, Қостанай облыстарының оңтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында, Атырау облысының батысында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында өрт қаупі жоғары, Қызылорда облысының батысында өрт қаупі жоғары Қызылорда облысының Қазалы ауданында, Түркістан облысының шөлді аудандарында, батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар