Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Ер адамның жыныс мүшесі салынған": әкім тұрғындарды чатта Пасхамен құттықтап ұятқа қалды

"Ер адамның жыныс мүшесі салынған": әкім тұрғындарды чатта Пасхамен құттықтап ұятқа қалды
Коллаж: KYN.KZ
Чат мүшелерінің бірі суреттен Пасха жұмыртқалары секілді безендірілген еркек жыныс мүшесін байқап, "не жібергеніңізді білеміз бе?" деп сұраған.

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Балтабай ауылдық округінің әкімі Сәуле Әліпова WhatsApp чатында жергілікті тұрғындарды Пасха мерекесімен құттықтап, ер адамның жыныс мүшесі бейнеленген сурет жіберген, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі 5region.kz. порталына сілтеме жасап.

Чат мүшелерінің бірі суреттен Пасха жұмыртқалары секілді безендірілген еркек жыныс мүшесін байқап, "не жібергеніңізді білеміз бе?" деп сұраған. Желіге тарап кеткен скриншоттардан кейін әкім ауыл тұрғындарынан кешірім сұрады. 

"Мен, Әліпова Сәуле Базарбайқызы, Балтабай ауылдық округінің әкімі. Кеше таңертең ауылдың чатына құттықтау жіберген едім. Ол қателесіп жіберілген және ешқандай жаман ниетім болған жоқ. Ешкімді ренжіткім келмеді. Бұл кездейсоқ жағдай, мен ол фотоға мән бермедім және қасиетті мерекеде мұндай суреттер қолданылады деп ойламадым. Құттықтау бірден бірнеше минутта чаттан алынып тасталды және округ халқынан кешірім сұрадым, олар қабылдады. Ешқандай наразылық болған жоқ. Яғни, мәселе шешілді. Егер бұл құттықтау басқалардың көңіліне тиген болса, кешірім сұраймын", – деп жазды Сәуле Әліпова.

Оқиғаға қатысты Еңбекшіқазақ аудандық әкімдігі де түсінік берді.

"Пасха мерекесімен халықты дұрыс емес құттықтаған Балтабай ауылдық округінің әкіміне қатаң сөгіс жарияланды. Ауылдық округ әкімі жіберген қатеcі үшін кешірім сұрайды", – деп жазды өз түсініктемесінде аудан әкімдігі.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар