Қуандық Бишімбаевқа сот үкімі шықты
Әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталған бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа 24 жылға сотталды деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
“Сот Бишімбаев Қуандық Уәлиханұлын Қылмыстық кодекстің 110-бабы 2-бөлігінің 1-тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін 99-бабының 2-бөлігінің 5-тармағымен айыпты деп танып, оған ҚР ҚК-нің 2-бөлігі, 7 жыл бас бостандығынан айыру, Қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлігінің 5-тармағы бойынша, қылмыстардың жиынтығы бойынша 20 жыл бас бостандығынан айыру жазаны ішінара қосып, түпкілікті 24 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды”, - деді судья.