Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Бишімбав 24 жыл бойы жазасын қай жерде өтейді?

Бишімбав 24 жыл бойы жазасын қай жерде өтейді?
Есімова Бишімбаев пен Байжанов қай жерде жазасын өтейтіні туралы сұраққа жауап берді.

Астанада бұрынғы министр Қуандық Бишімбаевқа сот үкімі оқылған соң, баспасөз залында арнайы брифинг өтті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

Жиында бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс жөніндегі үйлестіруші судья Алма Есімова Бишімбаев пен Байжанов қай жерде жазасын өтейтіні туралы сұраққа жауап берді.

 Бишімбаев бұған дейін сотталғандықтан, қылмыстық атқару жүйесі қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеге жіберіледі. Егер, нақты қай жерде екенін білгілеріңіз келсе, қылмыс істер бойынша комитетке жүгіну керек. Сот сотталушының нақты сотталатын орны мен жерін белгілемейді. Шешім күшіне енгеннен кейін ол мекеменің тергеу изоляторына жіберіледі. Ал Байжанов қылмыстық атқару жүйесі қауіпсіздігі орташа мекеге жолданатын болады», - деп түсіндірді Есімова. 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар