Қоғам
Павлодарда қатарласы мен ұстазын пышақтаған мектеп оқушысына қатысты мән-жай белгілі болды
- автор Томирис Тоныкөк
- 13 мамыр, 2024
- 1.7k
Полиция басқармасының мәліметіне сүйенсек, оқушы құрдасының арқасы мен иығын, ал ұстазының кеудесі мен иығын жаралаған.
Павлодардағы мектептердің бірінде өзінің қатарласы мен ұстазын пышақтаған балаға қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
Жараланғандардың бірі 16 жаста, ал мұғалім – 59-да. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, оларды хирург дәрігер қараған.
«Зардап шеккен әйел мен балаға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, олар үйіне босатылды», – деп хабарлады Денсаулық сақтау басқармасы.
Полиция басқармасының мәліметіне сүйенсек, оқушы құрдасының арқасы мен иығын, ал ұстазының кеудесі мен иығын жаралаған.