"Енесі 2 сіңлісімен қосылып, сабаған": Қызылордада қан-жоса боп жатқан келіннің видеосы тарады
- автор Томирис Тоныкөк
- 14 мамыр, 2024
- 11.9k
Қызылордада "енем мен қайын апаларымнан таяқ жедім" деген келіншектің видеосы İnstagram-әлеуметтік желісінде жарияланды, деп жазады KYN.KZ тілшісі.
Үш баланы тәрбиелеп отқан келіншек кадрда науқас төсегінде қан жоса боп жатыр.
"Енемнің аты - Бимаханова Жарқынай. Соларды (ред.қайын апалары) алдына салып әкеліп тұр. Бір ай бұрын үйде ұрысқанбыз екеуміз. Ол кезде де мені күйеуіме айтпағанды айтты қып, мені өтірікші қып шығарып, бәріне жаман қылған",- деген ол өзінің әрекетін дәлелдей алмағанын айтты.
Күйеуі ажыраспай, бірақ бөлек тұрайық деп ұсыныс тастапты.
"Жаңадан соққан коттедж үйінде тұрайын деп жатқан тұғынмын. Неғып кірдің сен деп, атама барып, "мынаны сен қатын қып алайын деп жатсың ба?" деп сондай жала жауып тұр", -деді үш баланың анасы.
Ұқсас жаңалықтар
Павлодарда оқушы қызды зорлаған 48 жастағы ер адам сотталды
- авторТомирис Тоныкөк
- 6 желтоқсан, 2024