Қоғам
Шымкентте 11-сынып оқушысы өзіне қол жұмсап, қайтыс болды
- автор Томирис Тоныкөк
- 14 мамыр, 2024
- 676
Оқушы мектепте белсенді, үлгерімі жақсы болған
Шымкентте мектеп оқушысы өзіне қол салып, қайтыс болды. Ол , № 9 мектептің 11 сыныбында оқыған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл оқиға 12-мамыр күні болған. Оқушы үйіндегі өз бөлмесінде өлі табылған.
Өкінішке орай оны аман алып қалу мүмкін болмапты. Мектеп әкімшілігінің мәліметінше ,шәкірттің үлгерімі жақсы әрі белсенді болған. Және ешкіммен дауласып, ұрыспағанын, есепте тұрмағанын айтады.
Қазір бұл іске қатысты Шымкент қаласының полиция департаменті тергеп-тексеру жұмыстарын бастады.
Келесі мақала