Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Павлодарда жас қыз моторлы қайықпен серуендеймін деп қолынан айырылды

Павлодарда жас қыз моторлы қайықпен серуендеймін деп қолынан айырылды
ашық дереккөз
Дәрігерлер баланың зақымданған қолын аман алып қала алмады, білезігінен кесіп тастауға тура келді
Павлодар облысында он бес жасар қыз демалыс кезінде қолының білезік тұсынан айырылды. Оқыс оқиға 8 шілде күні Қашыр ауданының Тереңкөл ауылында болды. Куәгерлердің айтуынша, 2003 жылы туған қыз қайыққа байланған жіпті қолына орап,  моторлы қайықпен серуендеген. Шұғыл бұрылыс кезінде ол суға құлап кетіп, қайық сүйреп әкеткен. Зардап шегуші алдымен аудандық ауруханаға жатқызылып, кейіннен облыстық ауруханаға ауыстырылды. Оқиға туралы Instagram-дағы "Типичный Павлодар" паблигінде белгілі болды. Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз орталығы қыздың сол білезігін кесіп алып тастауға тура келгенін хабарлады. Қазір қыз аурухананың травматология бөлімінде жатыр.  
 
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар