Басты жаңалықтар
Түркістан облысында полиция көлігі жол апатына себепші болды
- автор kyn.kz
- 5 шілде, 2018
- 306
Жол апатында жолаушы зардап шекеннімен болған жағдайға орай әкімшілік іс қозғалды
Түркістан облысында полиция көлігі жол апатына түсті.ІІД-ға тиесілі автокөлік жүргізушісі жол ережелерін өрескел бұзғандығы жайлы оқыс оқиғадан зардап шеккен азамат айтып берді.
Полицей автокөлігінің қатысуымен тіркелген жол апаты төртінші шілде күні түнгі уақытта Громова көшесінде орын алған. Мұнда ІІД-дегі полиция бастығына тиесілі "JAC S5" және "Nexia" маркасындағы көлік соқтығысқан. Апат кезінде жеңіл көлікте бірнеше жолаушы болған. "Көлікті соғып, бірден автокөлігіндегі мемлекеттік нөмірін шешіп алды. Ал мен 0007 нөмірін бірден байқадым. Жолдағы қозғалысқа мүлдем қарамайды, қолында телефоны бар. Жан-жағына қарамай бірден Нексияны келіп соқты", - дейді апат кезінде Nexia" көлігінде отырған жолаушы.
Куәгерлердің айтуынша, полиция көлігі ІІД басшылардың біріне тиесілі. ІІД баспасөз қызметі мәлімдеуінше, бұл жол көлік оқиғасы тіркеуге алынып, әкімшілік іс қозғалған.
Іс бойынша өзіндік қауіпсіздік басқармасы тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.