«Кездесуден кейін мені блоктап тастайтын»: Айшолпан Байтүгел өзінен талай жігіттердің бас тартқанын айтты
- автор Томирис Тоныкөк
- 14 мамыр, 2024
- 2.4k
Белгілі блогер Айшолпан Байтүгел өзінің махаббаттан жолы болмағанын айтты. Талай жігіттер қаракөз қызымызбен кездесуден бас тартқан екен. Бұл туралы ол Асхат Садырбаймен болған"> подкасында әңгімеледі, деп хабаралйды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Оның айтуынша, жігіттер бір кездесуден кейін оның телефонын блокқа қойып тастайды екен.
«Сөйлесіп көрген жігіттерім болды. Бірақ 99 пайыз жігіттер бас тартты. Оны қиналмай айта беремін. Кездесуге кәдімгідей шығып келемін, ертесінде мені блоктап тастайтын. Сырт-келбетім ұнамайды демек. Бірнеше кездесуге шығамын. Жақсы көрген адамдарға өзім айтқан кездерім де болды, бас тартқандар да болды. Сондықтан мен ол нәрсені қабылдадым. Айта алдым, мойындай алсаң жеңіл екен. Сондықтан маған біреу ғашық болған кездер болған емес», - дейді блогер ару.